KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Көлік министрі Алматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп өтеді

Фото: ҚР Көлік министрлігінің ресми сайтынан алынған

8.09.2023, 12:46 406 Ләззат Қанатқызы

Көлік министрі Марат Қарабаев көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру үшін Алматы облысынан Өскемен қаласына дейін автокөлікпен жүріп өтпек. 
Яғни Жетісу, Абай облыстарына да барады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 "Бүгін ведомство басшысы Алматы облысына келді. Ең алдымен Шамалған станциясының айналма жолының құрылысын және «Сарыөзек – Көктал» (45-68 км) автожолында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексереді. Сондай-ақ министр «Қорғас» құрғақ портының жұмысымен танысып, «Алматы – Қорғас» автожолының сапасын бағамдап қайтуды жоспарлап отыр", – делінген жазбада.

Баспасөз хатшысы Жанжігіт Омарханның хабарлауынша, министрлік басшысы Марат Кәрімжанұлы демалыс күндерін пайдаланып, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына да барады. Алматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп өтіп, министр аталған өңірлердегі жол құрылыстарын, көлік объектілерін қайта жаңарту жұмыстарын, көлік қозғалысына арналған көпірлердің жай-күйін тексереді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу