Зайсандық өнерпаздар Өскеменде концерт қойды
ШҚО-да аудандардың мәдени күндерін өткізу дәстүрге айналып келеді. Бүгін “Ертіс концерт” үлкен залында зайсандық өнерпаздардың қатысуымен “Туған жер - алтын бесігім” атты гала концерт өтті.
Аталмыш концерт Зайсан ауданының мәдени күндері аясында ұймыдастырылған басты шаралардың бірі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгінгі шараға өңірдің талантты ұл-қыздарынан бөлек, сол аймақтан шыққан танымал азаматтар, атап айтқанда, ақын Ұлықбек Есдәулет, күміс көмей әншілер Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, Салтанат Құдайбергенова мен Ақерке Ризабекова қатысты.
Бір сағаттан артық уақытқа созылған кеште зайсандық өнерпаздар облыс орталығының тұрғындарын ән мен күйге бөледі. Сонымен қатар балалар шығармашылығы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі де ұйымдастырылған.
Кеш соңында тұрғындар мерекелік отшашу тамашалады.