KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

ШҚО-дағы әскери бөлім жаңа техникалармен жабдықталды

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

31.01.2024, 13:30 153 Ләззат Қанатқызы

Өскемен гарнизонына қарасты 27943 әскери бөлімі жаңа әскери техникамен толықты.

Бүгін "Шығыс" өңірлік әскерлері қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге Теміртау қаласының 55524 әскери бөлімінен автомобиль техникалары жеткізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қазақстан Қарулы Күштерін техникалық жарақтандыру-жауынгерлік дайындық пен жауынгерлік қабілеттілікті арттыруға бағытталған маңызды басымдықтардың бірі.

- Мемлекет басшысы атап өткендей, Қарулы Күштер қару-жарақ пен әскери техниканың жоғары технологиялық үлгілерімен жарақтандырылуы тиіс. Барлық қару-жарақ мақсатына қарай неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету шарттарына сүйене отырып, кешенді түрде сатып алынады. Қазіргі таңда біздің Қарулы Күштеріміз қару-жарақтың, әскери техниканың және басқа да материалдық құралдардың негізгі түрлерімен қамтамасыз етілген. Бүгін "Шығыс"өңірлік әскерлері қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге жаңа әскери техникалар жеткізілмек. Яғни, Глубокое ауданына дейін пойыз жолдары арқылы келген техникалардың барлығы 27943 әскери бөліміне дейін шеру жасамақ. Сол жерден Өскемен, Семей, Жанғызтөбеде орналасқан әскери бөлімдерге таратылады, -деді 27943 әскри бөлім командирінің техникалык камтамасыз жөніндегі орынбасары подполковник Батырбек Жазин.

 Барлық әскери техникамен мүліктің саны 20-дан асады. Солардың ішінен Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөліміне 10 бірлік КамАЗ 43114 жүк көліктері,  1 бірлік МТП КамАЗ 43118, және 1 бірлік ПАЗ-32054 жолаушы көлігі тиесілі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив