KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
482.86 533.17 5.08

WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болды

Бүгін, 19:00 3 Төлеуғазы Жансая

WhatsApp мессенджері бейнеқоңырауларды жақсарту мақсатында он фильтр мен виртуалдық фондарды қосты, – деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Компанияның блогында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл жаңа мүмкіндіктер бейнеқоңырау кезінде суретті әртүрлі фильтрлер мен виртуалдық фондардың көмегімен жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл фильтрлер жиынтығы Instagram Stories-тегі құралдармен ұқсас.

Бейнеқоңырау барысында қолданушылар қоршаған ортаны көрінбейтін ету үшін фонды бұлыңғырлата алады. Сонымен қатар әзірлеушілер түнгі режим мен кескінді өңдеу мүмкіндіктерін де ұсынған.

Жеке және топтық бейнеқоңыраулар кезінде жаңа фильтрлер мен фондарды пайдалану үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы эффект белгішесіне басу жеткілікті. Жаңа функциялар алдағы апталарда барлық қолданушыларға қолжетімді болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив