Өскемен қаласының жаңа әкімі “Өскемен тынысы” бюросының жұмысымен танысты
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев жуықта құрылған “Өскемен тынысы” экологиялық қорғау бюросының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесу барысында экологиялық мәселелерді шешуге арналған қысқа және ұзақ мерзімді жоспарлар талқыланды.
– Облыс әкімінің бастамасымен құрылған “Өскемен тынысы” экологиялық қорғау бюросы құрамымен кездестім. Біздің ортақ мақсатымыз – қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл бірден шешілетін мәселе емес, ол уақыт пен жүйелі жұмысты талап етеді. Осыған байланысты біз қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ұсыныстарды жинақтап, нақты шаралар ретінде енгіземіз. Алғашқы кезекте тұрғындарға жағдай жасау мен жасыл желектерді көбейтуге назар аударамыз. Сонымен қатар, жер үйлерді орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу мәселесі де маңызды, – деді Алмат Ақышов.
Сонымен қатар, қала әкімі зауыттар қызметінің экологиялық мониторингін күшейтіп, заңнамаға өзгерістер енгізу мен қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа ұсыныстар әзірлеу қажеттігін атап өтті.
Ақерке Рағызбаева
Фото, видео: Данияр Сагидолдин
Оқи отырыңыз
Ел Шығысында “Өскемен тынысы” экологиялық қорғау бюросы ашылмақ (видео)Экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған дөңгелек үстел өтті - Өскемен“Бұл қала мен үшін бөтен емес” - Өскемен қаласының жаңа әкімі Алмат Ақышов (Видео)«Таза Қазақстан»: экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған қадамдарШҚО-да өңірлік кеңестің отырысында АЭС салу мәселесі талқыланды