Экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған дөңгелек үстел өтті - Өскемен
Өскеменде экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шаралар талқыланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Дөңгелек үстелге қала әкімі Жақсылық Омар, өкілетті мемлекеттік мекемелердің, ірі кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша экологиялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.