Өскеменнің қоғамдық көліктеріне «Оңай» жүйесі енгізіледі (Видео)
gov.kz
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, алдағы уақытта қаладағы қоғамдық көліктерге Алматыдағы «Оңай» төлем жүйесі енгізілмек. Әкім өз әріптестерімен бірге Алматыдағы «Оңай» орталығында болып, жолаушылар тасымалының сапасын арттыру тәжірибесімен танысқан,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
-Алдағы уақытта бұл жүйені Өскемендегі қоғамдық көліктерге кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отырмыз. «Оңай» төлем жүйесі көлік қозғалысын бақылап, маршруттарды жүктемеге сай реттеуге мүмкіндік береді. Жолаушылар жолақыны банк қосымшалары арқылы толтыра алады,- дейді қала әкімі Алмат Ақышов.
Оқи отырыңыз