Тағы бір ауданда мектеп құрылысы басталады - Өскемен
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Согра, Арматура зауыты, Гавань, Загородный кентінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында қала тұрғындары ең өзекті мәселелерін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тұрғындардың айтуынша, қазір ол жердегі ең өзекті мәселе - отбасылық амбулаторияның жұмысын қалпына келтіруді мен мектеп салу болып отыр.
- Менің тапсырмам бойынша жауапты бөлімдер бұл мәселені зерттейді. Жер учаскесін таңдап, жобалау басталады. Аудандағы тағы бір мәселе - оқушылар түрлі спорт секцияларына қатыса алмайды.Егер мектеп салынса, онда үйірмелер ашуға болады,-деп атап өтті қала әкімі.
Шаhар басшысы тұрғындармен үш айдан кейін қайта кездесіп, айтылған мәселелердің қалай шешілетінін талқылауға уәде берді.
Оқи отырыңыз