ШҚО әкімі: спорт клубтарын қолдау жүйелі әрі ашық болуы тиіс
Шығыс Қазақстан облысында спортты дамытуға ерекше назар аударылуда. Аймақ басшысы облыстық әкімдікте өткен кеңесте спорт клубтарын қолдау жүйелі және ашық болуы қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, кеңес барысында өңірдің дамуына қатысты өзекті мәселелер, соның ішінде «Altai Invest-2025» инвестициялық форумының нәтижелері талқыланды. Форум аясында бірнеше жоба іске асыру кезеңіне өтті, ал кей бағыттар бойынша инвесторлармен бірлескен жұмыс жалғасуда.
Аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы апталарда тоғыз айдың қорытындысы бойынша кеңейтілген отырыс өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Бұдан бөлек, ол «Өскемен жылу электр орталығы» ЖШС өкілдерімен кездесіп, №13 турбоагрегат пен №16 қазандық агрегатын салу бойынша ұсыныстарды талқылады. Кездесу қорытындысында ықтимал әріптестік бағыттарын қарастыру жөнінде келісім жасалды.






