«Altai Invest-2025» форумына 100-ден астам шетелдік делегат келеді - ШҚО
Қыркүйек айында Өскемен қаласында ірі халықаралық «Altai Invest-2025» форумы өтеді. Оған 100-ден астам шетелдік қонақ пен 20-ға жуық қаржы ұйымының өкілдері келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, форумда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм және логистика салаларында серіктестік туралы келісімдерге қол қойылады.
– «Altai Invest-2025» – бизнес, билік пен халықаралық ұйымдардың басын қосатын үлкен алаң. Мұнда өңірдің әлеуеті көрсетіліп, инвесторлармен нақты жобалар талқыланады, – деді аймақ басшысы.
Форум аясында облысқа жаңа инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу және экспорттық әлеуетті арттыру мәселелері қарастырылады.
Фото: ШҚО әкімдігі баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз
Өскеменде Халықаралық инвестициялық форум өтеді ШҚО-да «Altay Invest» халықаралық инвестициялық форумы өтедіШҚО әкімі: «Алдымен – сапа, содан кейін – мерзім»Еуразия түйісінде жаңа экономикалық көпір: Шығыс Қазақстан мен Тверь стратегиялық серіктес атандыШҚО-да 95 шағын су электр станциясын салу жоспарланып отыр







