KZ
Өскемен
-24°
переменная облачность Штиль
508.91 594.36 6.33

Өскемендегі «аты шулы» үйді жөндеу үшін қайтадан тендер өткізілетін болды

1.06.2021, 10:29 693

Өскеменде өткен жылдан бері қасбеті құлаған Бауыржан Момышұлы 14-үйдің шуы әлі басылған жоқ.

Алғашқысы шу желтоқсан айында, екіншісі биыл сәуірдің соңына қарай болған. Тұрғындардың пікірінше, сайдингтің құлауы, тасмақтанының үгітілуі проблемалардың бір бөлігі ғана.

WhatsApp Image 2021-06-01 at 10.15.42.jpeg

Тұрғындар үйді салған құрылысшы компаниялар – «Күршім Құрылыс» ЖШС және «Құрылыс Гарант» ЖШС құрылыс материалдарын барынша үнемдегенін айтады. Ол шамамен 100 млн теңгеге жуық.

- Бақылау жоқ, біз пайдалануға беру туралы актіні көрсетуді талап етсек, оны көрсетпейді, ешқандай авторлық қадағалау болмаған. Үйді жөндеуге қатысты мәселеге келгенде бізге тек сырғытпа жауаптар келеді, - дейді үй тұрғыны Бақытбек Амренов.

WhatsApp Image 2021-06-01 at 10.15.42 (1).jpeg

Заңға сәйкес, құрылыс жүргізген компания үйді пайдалану кезінде туындаған мәселелерді жоюға міндетті. Алайда жоғарыда аты аталған екі бірдей компания банкрот деп танылып, үй «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ға берілген.

Енді міне бір жыл дегенде компания өкілдері пәтер иелерімен кездесті. Жиынға үйді тексеріп, ақауларды анықтайтын аудиторлар да келді.

- Қазір біз «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен келісімшарттқа отырып, ғимаратқа ақауларына зерттеу жүргіземіз, содан кейін смета және акт жасаймыз, - деді «КазТехЭкспертиза» ЖШС директоры Мұратбек Рахымбаев.

Бір апта ішінде аудиторлар құжаттаманы дайындауға уәде берді. Содан кейін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кемшіліктерді жоюға кіріседі.

-  Байқаудың уақыты заңмен реттеледі, 30 маусымда біз аудитті аяқтаймыз, шамамен 20 шілдеде мердігерді анықтау үшін келесі тендерді өткіземіз және 15-20 қыркүйекке дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаймыз, - деп түсіндірді «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ директорының орынбасары Алмас Шабдарбаев.

WhatsApp Image 2021-06-01 at 10.15.43.jpeg

Сайт редакциясы алдағы уақытта да Бауыржан Момышұлы 14 мекенжайы бойынша мәселелерді қадағалап, ақпарат беріп отырады. 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу