KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Жол полициясы таңғы кептелістің себебін түсіндірді - Өскемен (ВИДЕО)

5.03.2021, 10:51 212

Тізілген көлік, жұмысқа, балабақшаға кешіккен тұрғындар. Бүгін Өскемен тұрғындары үшін таң қайырлы болмады. Жібек Маталар комбинаты шағын ауданындағы Сатпаев даңғылынан басталған кептеліс оң және сол жағалауды жалғайтын көпірге дейін жалғасып, тұрғындар даңғыл бойында 1 сағаттан астам уақыт бойы тұрды.

Әлеуметтік желі қолданушылардың бірі «Сатпаев даңғылында кептеліс. 30-40 минут бойы тұрмыз» деп жазса, Надежда есімді желі қолданушы: «Регулировщик те, жол апаты да болған жоқ. Мұндай кептеліс тің неден болып жатқаны түсініксіз. Тағы бір жол және көпір керек» деп жазады.

Ал Өскемен қаласының Жол-пол қызметі кептелістің себебін әдеттегідей таңғы дүрбелең және жол-көлік оқиғасы деп түсіндіреді.


-  Әдеттегідей таңғы уақыттағы кептеліс. Одан бөлек, Сатпаев даңғылында екі жерде жол көлік оқиғасы болды. Бірі – Жібек жолы көшесімен қиылысатын тұста, екіншісі Ертіс көпірінде, яғни, мешіттің тұсында. Хабарлама бізге сағат 07.20-да келіп түсті. Жедел қызметті бірден оқиға орындарына жіберіп, оқиғаны тіркедік. Ал сағат 08.15-те қозғалысты аштық. Соның салдарынан біраз автокөлік жол бойында жиналып қалды, - деп түсіндірді Өскемен Полиция басқармасы Жол-техникалық инспекция бөлімшесінің бастығы Сергей Коваленко.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив