KZ
Өскемен
+9°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

Өскемендегі Республика алаңына сахна қойылады, жолдар жабылады

6.09.2018, 10:00 109

Бүгіннен бастап Өскемендегі Республика алаңы көлік қозғалысы үшін жабық. Себебі онда қала күніне дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өскемендіктер мерекені екі-үш күн қатарынан тойламақ. Яғни қала көшелерінде тағы да кептеліс көбейеді. Жүргізушілерге өз жолдарыңызды бағамдап алыңыздар демекпіз:


Бүгін таңғы 10.00-де Республика алаңы сахна қойылатындықтан жабылды.


7 қыркүйекте 18.30-дан бастап Қазақстан көшесіндегі «Сулпак» сауда үйінің жолы жабылады.


8 қыркүйек күні таңғы 8.00-ден 17.00-ге дейін Республика алаңының айналасы түгел жабық болады:


Орджоникидзе көшесі – Киров көшесімен қиылысатын тұстан Пермитин көшесіне дейін, М.Горький көшесі – Киров қиылысынан Пермитин көшесіне дейін,


Қазақстан көшесі – Қ.Қайсеновпен қиылысатын тұсынан Қабанбай көшесіне дейін жабық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив