KZ
Өскемен
-15°
ясно жел 1 м/с, С
530.24 543.97 5.16

Студенттерге ерекше практика: 100 мың теңге айлық төленеді — ШҚО

20.02.2021, 02:03 229

Шығыс Қазақстанның жол саласында мамандар тапшы. Атап айтсақ, құрылыс инженерлері, инженер-сметашы, зертханашылар, асфальт-бетон төсеушілер, білікті механизаторлар керек. Сонымен қатар геодезия, картограф мамандар, метеорологтар, механиктер, жол шеберлері жетіспейді. 
Алайда мектеп және университет бітіріп жатқан түлектердің аталмыш салаға баруға құлшынысы да, қызығушылығы да төмен. Одан бөлек бұл мамандыққа бөлінетін гранттар саны да жыл сайын қысқарып келеді. 
Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігінің статистикасы бойынша республикада 3000 мыңға тарта, оның ішінде Шығыс Қазақстанда 1000-ға жуық білікті жол мамандары жетіспейді екен. Ал облыста жол мамандарын дайындайтын жалғыз жоғары оқу орын – Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да небары 66 студент қана білім алып жатыр. 
Осындай олқылықтың орнын жойып, болашақ мамандардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мамандары Өскемендегі Д. Серікбаев атындағы техникалық университетінің болашақ жол мамандарын нағыз тәжірибе алаңында жинап, біліктіліктерімен бөлісті. 

Зертхана ішінде
Студенттер әуелі орталықтың зерханасында болып, асфаль-бетон, қиыршық тастарды сынауға арналған құрал жабдықтармен танысып, сынап көрсе, одан кейін өңірдегі алпауыт жол құрылысы кәсіпорыны - «Ремдор» ЖШС-нде болып қайтты. 

- Студенттерге зертханамен таныстырып, экскурсия жүргізіп жүрміз. Мақсат – теория мен практиканы байланыстыру. Студенттеріміз жол саласы не екенін, немен байланысты екенін өз көздерімен көріп, қызуғышылықтары одан сайын арт түсті деп ойлаймыз. Одан бөлек, мектеп оқушылармен де осындай жұмыстар ұдайы жүргізіп тұрамыз. Біздің мекемеде жыл сайын жаз мезгілінде студенттер ақылы өндірістік тәжірибеден өтеді. Айлықтары 100 мың теңге. - дейді  «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының инженері Саяхат Оралханұлы.

Тастың түрлері

Орталықтағы қызметкерлердің айтуынша, жол саласындағы мамандардың жалақысы жоғары әрі әрдайым сұранысқа ие. Өйткені өңірде жыл сайын мыңдаған шақырым автомобиль жолдары салынады немесе жөнделеді. Алайда кәсіпорындар сырттан мамандар шақыртып алуға мәжбүр болып отыр.
Бұл ретте айтып өтетін тағы бір жайт бар. Жол саласында жылдар бойы жүрген кәсіпорындардың да маман тартуда қызығушылықтары төмен. Себебі облыс көлемінде тек «ДСУ-14» ЖШС ғана университетпен меморандумға отырған. 

- «ДСУ-14» ЖШС-мен үш жақты меморандум жасалып, тек бір бала ғана тегін білім алып жатыр. Ол студент бітіргеннен кейін, қайда барып жұмыс істеймін немесе қайдан өндірістік тәжірибеден өтемін демейді. Сол кәсіпорынға барып, еңбегін жалғастырады, - дейді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Жол құрылысы және жол құрылысын жобалау мамандығының оқытушысы, техникалық ғылымның магистрі Анар Ақылбайқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу