KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
509.94 593.88 6.43

Өскемен-Самар тасжолында көлік апаты болды

11.11.2020, 12:21 370
Өскемен-Самар тасжолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 9 қараша күні  сағат 11:00 шамасында болған.
– Lada 21144 көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып жіберген. Күн райының қолайсыздығын, жолдың қауіптілігін ескермеген. Осының нәтижесінде қарсы бағытта келе жатқан МАЗ жүк көлігіне барып соғылған, – деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Отыз төрт жастағы жеңіл көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу