KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Ауғанда қалған кеңес әскерінің жауынгері туған жеріне оралғысы келмейді (видео)

19.02.2019, 05:14 241

Ауған жерінде тұтқында қалған кеңес жауынгерінің Отанына қайтып оралғысы келмейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ресейлік "Настоящее время" телеарнасына сілтеме жасап.


Мәскеулік Бахретдин Хакимов 1980 жылы Ауған соғысына қатысқан. Қан қасапты күндердің бірінде ол Герат провинциясында тұтқында қалады. Жауынгер бір жағы өлмеу үшін, екінші жағынан қолбасшыға деген реніштен ислам дінін қабылдап, радикалдарға қосылып «Талибан» қозғалысына қатысады. Бұл кезде ол кеңес әскерлеріне қарсы соғысып жүрген болатын.


Герат түбіндегі шайқаста ол басынан жарақат алады. Соның кесірінен бұл күнде кейбір даталарды шатастырып та алады. Орыс тілін ұмытқан. Десе де, оның кеңес үкіметіне деген өкпесі қара қазандай екен. Әлі күнге жиырмадан астам қаруласымен жау қолында тастап кеткен командирін кешірмеген.



– Герат түбінде 21 адам қоршауда қалдық. Мен ауыр жарақат салдарынан тұтқынға түстім. Ол заманда телефон жоқ, басшыларымыздан көмек сұрай алмадық. Бірақ бұл жерге кеңес үкіметі кейін де қайтып келмеді. Қаза тапқан жауынгерлерді де іздеусіз қалдырды, – деді  Бахретдин Хакимов.


– Бастапқы 4-5 жылда үміт үзбедім. Бірақ 4-5 жыл не, 30 жылда бізді іздеген үкімет болмады. Осында жүріп отбасын құрдым. Мұндағы майдангерлермен жақсы қарым-қатынастамын. Менің Ресейге қайтқым келмейді, – дейді жауынгер күрсініп.

– Ауған алқы аса қонақжай. Жаралы болып жатқанымда маған жақсы қарады, – деп қосып қойды бұл күнде атын Абдулла Шейх деп өзгертіп алған  Бахретдин Хакимов.


«Талибан» қозғалысына қатыскан, көтерілісшілердің құрамында жүрген ол тіпті бір кезде ислам қозғалысының бастығы Герат Мулла Барадардың жеке қорғаушысы болыпты.


Қазі ол джихад мұражайының бақылаушысы болып қызмет істейді. Келушілерге кеңес үкіметі хабарсыз кеткендер деп санайтын қаруластарымен түскен суретін көрсетеді. Оның пікірінше, өзімен бірге жоғалған жауынгерлер тірі, бұл күнде өзі секілді жайлы өмір сүріп жатыр.


– Шамамен, 5 жылдай бұрын Ресейден әлдебір адамдар келіп, мені қинап алып кетпек болған, – дейді жауынгер. – Ислам республикасында жүргенімде осындай қоқан-лоқы көрсеткен олар, Ресейге барсам мүлде жазалайтын шығар деп қорқамын. Қандай да бір дәлелдерсіз мені кінәлі қыла ма деп зәрем қалмайды. Оған қоса, қайталап айтамын, мұнда менің отбасым бар.


Иә, Хакимовтың туған-туысының бәрі Ресейде. Бірақ оның елге қайтысы жоқ.


Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл болса да, майдангерлер туралы мардымды ақпарат жоқтың қасы. Ресми дереккөздерде 100 жауынгер қаза болып, 8 әскер қарсы жаққа өткені және 21 адамның қайтып оралғысы келмейтіні айтылады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив