KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Орталық спорт комитетінің жасөспірімдері халықаралық турнирден отыз медальмен оралды

3.07.2024, 19:10 130 Айжанат Бақытқызы

Жалпы командалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды. CISM турнирінің жеңімпазы – Ресей командасы. Ал үшінші орынды Корея Халық  Демократиялық Республикасының құрамасы алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бокс, волейбол, оқ ату, жеңіл атлетика және жүзуден жасөспірімдер арасындағы I халықаралық CISM ойындары Ресейдің Тула қаласында өтті.

Оған Бангладеш, Беларусь, Буркина-Фасо, Қазақстан, КХДР, Мозамбик, Пәкістан, Ресей және Сербия елдерінен 278 спортшы қатысты. Қазақстандық спортшылар жүзуден, бокстан және оқ атудан бақ сынасты.

 «Біздің жасөспірімдер табысты өнер көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша олар ОСК қоржынына 17 алтын, 10 күміс және 3 қола медаль салды. Қорғаныс министріне спортшыларымызға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді», – деді ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов.

Қазақстандықтар бокстан, жүзуден командалық есепте, сондай-ақ 4-тен 50 метрге дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы эстафеталарда бірінші орынды иеленді.

Жүзуші София Әбубәкірова шалқалап жүзуден 50 метр қашықтықта алтын медаль иеленді. Сайыстың осы түрінен Дария Тоқтабаева күміс медальге қол жеткізді. Баттерфляй стилінде 50 метр қашықтықта София Әбубәкірова бірінші орынды, ал Ксения Крухмалева үшінші орынды иеленді. Дәл осындай қашықтықтағы еркін стильде Даниела Дюге тең келер ешкім болмады. Ал Дария Тоқтабаева күмісті иеленді.

Шалқалап және баттерфляй стилінде жүзуде 50 метр қашықтықта Егор Попов чемпион атанды. Күміс жүлде Ярослав Стуковтың қанжығасында. 100 метр қашықтықта брасспен жүзуде Айбат Мырзамұратов сәтті өнер көрсетіп, алтын медаль иеленді. Ол сондай-ақ осы стильде 50 метр қашықтықта да чемпион атанды. Сонымен бірге Егор Попов 100 метрлік фристайлда жеңімпаз атанса, Алексей Крученко екінші орынды иеленді.

Бокстан Ерасыл Маратов (46 келі), Данияр Ақбисенов (57 келі), Жарас Дәулетұлы (54 келі), Даниял Қалдыхан (75 келі), Владислав Самажонов (+80 келі) чемпион атанды.

Расул Сейдіш (52 келі), Ердәулет Шөмекей (60 келі), Жанарбек Қуанышұлы (63 келі) және Кирилл Шкута (66 келі) күміс медаль иеленді.

Ал қола медаль Есенбек Сағындық (48 келі) пен Ердәулет Атауовтардың (50 келі) еншісінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив