KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Қ.Тоқаев пен Си Цзиньпин Майра Мұхамедқызы мен Димаштың талантына тәнті болды

Сурет: t.me/bort_01

4.07.2024, 15:10 115 Анель Слямғазықызы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин қазақстандық әншілердің талантына тәнті болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бұл туралы БортN1 Telegram-каналы хабарлады. 

 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге іскерлік бағыттағы бірқатар келіссөзден кейін әйгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы және қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген Димаш Құдайбергеннің өнерін тамашалап, бұлбұл Майра мен дүлдүл Димаштың талантына тәнті болды», - делінген жазбада.

Сонымен бірге әншілердің ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен қол алысқан фотосы да тарады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив