С.Аманжолов университетінің ғалымы «Жас ғалым» байқауының жеңімпазы атанды
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың жас ғалымдарының екі жобасы «Жас ғалым» бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыруды жеңіп алды. Жалпы грант сомасы шамамен 60 000 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жеңімпаздардың бірі – университеттің «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Меруерт Маулет. Ол «NiCrAl негізіндегі детонациялық жабындардың қорғаныс қасиеттерін арттыру» жұмысын ұсынды. Жоба әртүрлі материалдарды өңдеудің оңтайлы әдістерін анықтауға бағытталған.
Оның айтуынша, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру байқауы тек зерттелетін тақырыпты тереңдетіп оқытуды ғана мақсат етіп қоймай, сонымен қатар жаңа ғылыми жетістіктерге ынталандыруды көздейді.
Айта кетейік, Меруерт Маулет жобасының грант сомасы шамамен 30 000 000 теңгені құрайды.