KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Облыстық драма театрында келеңсіз оқиға болды

4.07.2024, 18:00 101 Ержан Әбіш

Оқиға 29 маусым күні облыстық драма театрының сахнасында, атап айтқанда ғимараттың террасасында «Ғашықтар хикаясы немесе общагадағы серілер» спектаклі кезінде болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Спектакль барысында қазақ труппасының актрисасы Мақпал Елтайқызы балкон типтес декорацияға сүйеніп құлаған. Бірақ ол тұрып өз рөлін ойнауды жалғастырғандықтан спектакль тоқтатылмаған.

Театр әкімшілігі тарапынан алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем бригадасы шақырылған.

Қазіргі уақытта алынған жарақаттардың ауырлығы анықталуда. Медициналық қорытындыға сәйкес театр тарапынан актрисаға денсаулығын қалпына келтіру бойынша көмек көрсетіледі.

Бұл оқиға туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына хабарланды. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив