KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Республикалық чемпионаттың ең жас садақшысы бес жаста

Фото: Аяужан Утеулинова
Фото: Аяужан Утеулинова
4.07.2024, 17:33 187 Анель Слямғазықызы

Дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы күнгі қорытындысы шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, байрақты бәсекеде 7 жастан 17 жасқа дейін жасөспірімдер бақ сынап жатыр. Бүгін кіші топтағы, яғни 7-9 жас аралағындағы балғын садақшылар бәсекеге түсті. Ең жас садақшы – бес жаста.

Сайыскерлер үш түрлі нысанада өнер көрсетті. Атап айтсақ, Пута, Қалқан және Жамбы нысанасы.

Пута нысанасын көздеп атудан жеңіс тұғырына көтерілгендер:

Ұлдар: 

-              I орын – Айсұлтан Нұртаев, Абай облысы.

-              II орын – Бекарыс Нұрлан, Түркістан облысы.

-              III орын – Мұстафа Жукейхан, Алматы қаласы.

Қыздар:

-              I орын – Гүлнұр Озкрим, Атырау облысы.

-              II орын – Аяла Ізтілеу, Жамбыл облысы.

-              III орын – Айша Құттыбай, Жамбыл облысы.

Қалқан нысанасын көздеп атудан жеңіс тұғырына көтерілгендер:

Ұлдар

-              I орынды – Бекарыс Нұрлан, Түркістан облысы.

-              II орын – Мұстафа Жукейхан, Алматы қаласы.

-              III орын – Дінмұхаммед Тұрарбек, Түркістан облысы.

Қыздар

-              I орын – Айша Құттыбай, Жамбыл облысы.

-              II орын – Гүлнұр Озкрим, Атырау облысы.

-              III орын – Аяла Ізтілеу, Жамбыл облысы.

Жамбы нысанасын көздеп атудан жеңіс тұғырына көтерілгендер:

Ұлдар

-              I орын – Бақыт Қожалхан, Түркістан облысы.

-              II орын – Дінмұхаммед Тұрарбек, Түркістан облысы.

-              III орын – Абубакр Абдуали, Шымкент қаласы.

Қыздар

-              I орын – Аяла Ізтілеу, Жамбыл облысы.

-              II орын – Гүлнұр Озкрим, Атырау облысы.

-              III орын – Кәусар Байжанова, Қарағанды облысы.

 

Шығыс Қазақстан өңірінде тұңғыш өтіп жатқан дәстүрлі садақ атудан ел біріншілігі ертең де жалғасады.

фото: Аяужан Утеулина

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив