KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
476.27 515.47 5.41

Тұрғын үйді жаңарту мәселесі шешілетін болады - ШҚО

Фото: редакция мұрағатынан

3.07.2024, 12:01 90 Айжанат Бақытқызы

Облыста апатты және тозығы жеткен көппәтерлі үйлерден пәтер иелерін көшіру мәселесі күн тәртібінде тұр. 2025-2029 жылдар аралығында Өскемен және Риддер қалаларындағы 42 апатты үйде тұратын 228 меншік иесін тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында бұл мәселені шешудің екі нұсқасын ұсынып отыр. Атап айтсақ, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы тұрғын үй салу және тұрғындарды көшіру үшін қайталама нарықтағы пәтерлерді сатып алу.

Алайда құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев атап өткендей, екінші нұсқаны іске асыру үшін Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына өзгерістер енгізу қажет.

Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы саласында проблемалық мәселелер де бар. Айталық, 627 пәтерге арналған төрт проблемалық үй анықталып, олардың құрылысы тоқтатылды. Олардың екеуінің құрылысын аяқтау үшін жаңа инвестор тартылып, жұмыстар қайта жанданды.

Басқарма басшысы атап өткендей, проблемалық тұрғын үй нысандарындағы мәселені шешу үшін ведомствоаралық комиссия құрылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив