KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Ресейде жанартау атқылай бастады

Фото: pexels.com

23.06.2023, 10:46 842

Еуразиядағы ең биік саналатын Ключевская жанартауы атқылай бастады. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне жанартаулардың атқылауын бақылайтын камчаткалық топтың (KVERT) жетекшісі, Ресей ғылым академиясы Қиыр Шығыс бөлімінің Вулканология және сейсмология институтының ғылыми қызметкері Ольга Гирина хабарлаған.

Дерекке сүйенсек, жанартаудың атқылауы әзірге ешқандай қауіп төндірмейді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

- Жанартаудың жай ғана жарқырауы емес, стромболиялық типтегі ең жоғары жарылғыш атқылау тіркелді. Әзірге мұндай атқылау ешкімге қауіпті емес: халық үшін де, авиация үшін де, - деді Ольга Гирина.

Ключевская - континенттегі ең белсенді жанартау, оның биіктігі - 4750 м. Жанартаудың соңғы рет атқылауы 2020 жылдың қазан айында болды. Ең жақын елді мекен - Усть-Камчатский ауданы, Ключи ауылы - жанартау баурайында, кратерден 30 км қашықтықта орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив