KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Күршім-Мульковое автожолына жарық тартылды

pexels.com

11.05.2024, 11:00 196 Назерке Каримова

Енді кешкі уақыттарда қауіпсіздік үшін екі ауыл арасындағы жолда жарық жанып тұрады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Күршім аудандық әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Күршім ауданында 7 ауылдық округ, 21 елді мекен бар. Елді мекендердегі әлеуметтік маңызы бар мәселелер жылдан жылға оң шешімін тауып келеді.

Аудан әкімі Алмат Ақышовпен кездесу кезінде ауыл тұрғындары көтерген мәселенің бірі - Мульковое ауылына баратын жолды жарықтандыру. Жұмыстар 2024 жылға жоспарланған жобалардың бірі болатын.

- Тәуліктің түнгі уақытында жаяу жүргіншілердің, автокөліктің қауіпсіз жүруі үшін, сондай-ақ иесіз жүрген малдармен соқтығысу сынды жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Күршім-Мульковое (Күршім ауылының шыға берісіндегі «Діңгек» көпірінен бастап, «Понтон» көпіріне дейін) автожолының бағыты бойынша жарықтандыру бағандары орнатылған болатын. Бүгінгі күнге жолдың осы учаскесінде шамдарды орнату жұмыстары толығымен аяқталып,  түнгі уақытта жарқырап жанып тұр, - деп хабарлады Күршім аудандық әкімдігі.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив