Күршімдегі Тораңғы көлін қар суымен толтырмақшы
Соңғы жылдардағы құрғақ ауа райына байланысты Күршім ауданындағы Тораңғы көлінің радиусы 500 метрге тартылған.
Судың тартылуы салдарынан балық саны да, жануарлар да азайған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Көл суы осылайша тартыла беретін болса, соңы елеулі экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Сол себепті де аудан әкімдігі көл арнасын толтыру мақсатында қарғын суды Тораңғыға бұру жұмыстарын қолға алған.
Елдің басым бөлігін тасқын су басып, мыңдаған адам баспанасынан, малынан айырылды. Осындай апаттың алдын алып, еріген қар суын дұрыс мақсатта пайдалану үшін Күршім ауданының әкімдігі кеуіп бара жатқан Тораңғыны еріген қар сумен толтырмақ.
Осы мақсаттағы жұмыстарға 5 техника мен 10 адам жұмылдырылған.