Өскеменде Самар ауданының жәрмеңкесі өтіп жатыр
Сенбілік ауылшаруашылық жәрмеңкеде облыс орталығына Самар ауданының тауар өндірушілері келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кезекті жәрмеңке Сатпаев даңғылындағы «ТНП» СҮ аумағында Самар ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлерінің қатысуымен өтуде.
- Қала тұрғындарының тауарларды тікелей ауылшаруашылығы өндірушілерінің өздерінен нарықтық бағадан орташа есеппен 15% төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар, - деп хабарлады Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімі. - Сонымен қатар, жәрмеңкеде «Өскемен кант» көтерме сауда кәсіпорнының делдалдарсыз бакалея өнімдері де сатылады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 14.00-ге дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз