KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
480.5 534.22 5.18

Талдықорған – Өскемен автожолының реконструкциясы аяқталуға жақын

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 17:00 15 Ержан Әбіш

Жетісу облысының аумағынан өтетін Талдықорған – Өскемен автожолының 314 шақырымы жаңартылуда. Бұл жобаның реконструкциясы 2019 жылы басталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Реконструкция нәтижесінде автожолдың техникалық параметрлері жақсарды: 32 шақырымы бірінші техникалық санатқа ауыстырылып, 282 шақырымдық бөлігі екінші техникалық санатқа ауыстырылды, мұнда екі жолақтың ені 9 метрге дейін кеңейтілді. Сонымен қатар 27 автомобиль көпірі салынды, 350-ден астам су өткізгіш құбыр төселді, 1500-ден астам шам тірегі орнатылды, жарықтандыру жұмыстары жалғасуда.

Жол бойына мыңдаған метрлік қоршаулар орнатылды, 2 мың жол белгісі қойылуда. Бұрын бұл учаскеден өтуге 6 сағат уақыт кетсе, реконструкциядан кейін жол жүру уақыты 3 сағатқа қысқармақ.

Бүгінде барлық негізгі жұмыстар аяқталып, жол жиектерін нығайту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив