KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
480.5 534.22 5.18

Биыл Шемонаихада 128 мың гектар жерден астық жиналады

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 16:00 22 Нұржан Кенжеұлы

Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының негізгі экономикалық көрсеткіштері оң серпінге ие. Бұл туралы аудан әкімі Григорий Акулов мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудан басшысының хабарлауынша, аталған мерзімде өнеркәсіп өнімінің көлемі 71,9 миллиард теңгені (өсім 101,1%) құраса, ауыл шаруашылығы саласында 10,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілген (100,9%).

Экономиканы дамытуға 18,2 миллиард теңгенің инвестициясы бағытталғаны да белгілі болды.

– Биыл ауданымыздың шаруалары 128 мың гектар жерден ауыл шаруашылығы дақылдарын жинап алуға тиіс. Оның ішінде 61 мың гектар дәнді және бұршақты дақылдар, 55 мың гектар майлы дақылдар мен 12 мың гектар жемшөп дақылдары бар, – деп хабарлады аудан басшысы.

Оның айтуына қарағанда, орташа өнімділігі бір гектарынан 25,3 центнерді құраған 55 мың гектар дәнді дақыл (90%) жиналып қойды. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, 2023 жылғы сәйкес мерзімде егін жинау көрсеткіші 58% құраса, орташа өнімділігі гектарынан 13 центнерге жеткен. Қазіргі уақытта аудан шаруалары күнбағыс жинау жұмыстарына кірісіп кеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив