KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 5 м/с, В
515.03 584.82 6.24

Өскеменде жастарға арналған IT-хаб ашылуы мүмкін

1.04.2023, 17:31 352 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында жастарды IT-саладағы дағдыларға үйрету үшін арнайы IT-хабтар ашылуы мүмкін.

Бұл туралы ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Елімізде жастар ресурстық орталықтары бар және біз олардың базасында пилоттық түрде IT-хабтар ашуды бастаймыз. Онда бағдарламалау дағдылары бастапқы кезеңнен бастап аяқталған жобаға дейін оқытылады, оған қаражат тартуға болады. Мұндай алғашқы IT-хабты Талдықорғанда ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жобаны Өскеменде де жүзеге асырамыз деп үміттенемін, деді Евгений Кочетов. 

Вице-министрдің айтуынша, аталған жоба жастар арасында өте танымал және пайдалы.

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасына жыл сайынғы гранттар бөлу арқылы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау қажеттілігі айтылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу