KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 4 ай ішінде 63 мал ұрлығы тіркелді

15.05.2019, 08:05 163

ШҚО аумағында биылғы жылдың төрт айында 63 мал ұрлығы тіркелді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Полиция мәліметіне сүйенсек, жоғалған малдың ішінде 77 бас өз иесіне қайтарылған.

 

Малдың көбінесе өрістен жиі жоғалатынын айтып отыр, тәртіп сақшылары. Оның үстіне түлігіне таңба баспайтын, сырға салмайтын тұрғындар көп көрінеді. Қолдағы малы жоғала қалса, полицияға дереу хабар бермейтін тұрғындар да баршылық. Осының бәрі істің ашылуын қиындата түседі деп ескерту жасады полиция қызметкерлері.

 

Айта кетейік, 14-16 мамыр аралығында облыс аумағындағы республикалық «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шара өтеді.

 

Сақшылар үш күн ішінде мал тасымалдауға арналған автокөліктерді, тасымалданатын мал еті мен ет өнімдерінің құжаттарын қатаң қадағалап, рейд жүргізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу