KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, СБ
495.28 518.41 5.44

Ұлттық домбыра күніне орай қандай шаралар өтеді - Өскемен

Фото: egemen.kz

1.07.2023, 12:11 408 Ләззат Қанатқызы

2 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай облыс орталығында бірқатар іс-шара ұйымдастырылған.

Өскемен қаласының әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын мерекелік концерттерді тамашалауға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгін сағат 19:00-де «Ертіс концерт» үлкен залында Алматы қаласынан келген «Tynda music» симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

Ертең, яғни 2 шілде күні ШҚО мәдениет басқармасы «Ертіс концерт» КМҚК шығармашылық ұжымдары мен солистерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерттер ұйымдастырылады.

16.00 – АДК «Ривер» сауда кешенінде

17.00 – «Арбат» демалыс орнында

18.00 – Солжағалау кешені (Этносаябақ).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу