KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 1 м/с, В
477.13 525.85 5.24

Өскемен: «Сәулетай» саябағындағы абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын

22.08.2023, 09:35 171 Ләззат Қанатқызы

Стрелка ауданында орналасқан «Сәулетай» саябағында маусым айынын бері абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімі Жақсылық Омар кеше жұмыс барысымен танысып қайтты.

Айта кету керек, аталмыш саябақта соңғы 10 жыл шамасында жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Биыл біз мүмкіндік тауып, мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастырдық. Жарықтандыруды, орындықтарды, урналарды жаңартамыз, қосымша балаларға арналған сәулеттік формалар орнатамыз. Саябақтың қайта өңі кіріп, тұрғындарды қуантатын болады, - дейді қала әкімі.

Сондай-ақ саябқатың кіреберісіне "Металлург" саябағындағы сияқты демалыс орнының аты жазылған жарық тақтайшасы орнатылатын болады.

Осы аудан тұрғындары мен Славский атындағы жағалауға келушілердің сүйікті демалыс орнына айналған «Сәулетай» саябағына абаттандыру жұмыстарын "Perspective stroy" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив