Бүлдіршіндер полицияның жұмысымен танысты – Өскемен
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Отбасылық үлгідегі балалар ауылының 20 тәрбиеленушісі мен қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің 8 бен 13 жас аралығындағы балалары оқу полигонында болып, полицияның жұмысымен танысты.
Кішкентай қонақтарды ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков қарсы алып, полиция мамандығының маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ бүлдіршіндер полицияның қару-жарақтары, арнайы қорғаныс құралдары мен жабдықтары, автоматтан гранатаметке дейінгі атыс қаруларын тамашалап, тәртіп сақшылары көрсеткен барлық қаруларды қолдарында ұстап көрді.
Іс-шараның ең әсерлі бөлігі мамандандырылған топ ғимаратқа шабуыл жасап, кепілге алынған адамды босатып, шартты қылмыскерді залалсыздандырған сәт болды.
Тәртіп сақшыларының қиын да қызықты жұмысымен танысқаннан кейін балалар теплоходпен серуенге шықты.