KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Өскеменде балаларға арналған цифрлық эколаборатория ашылды

28.09.2023, 21:29 307

Бүгін Өскемен қаласындағы “Борис Щербаковтың жасыл үйі” эко-орталығында балаларға арналған цифрлық эколабораторияның таныстырылымы өтті. Ол лаборатория «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауының арқасында жабдықталған.
Лаборатория заманауи құрылғылармен, электронды микроскоппен және қаладағы топырақтың, су мен ауаның көрсеткіштерін бақылайтын жинақпен жабдықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Балалар осы жерде қоршаған ортаны зерттеуге, гидропоника әдісін қолданып, өсімдіктерді өсіруге және өзге де салаларға бағытталған эксперимент жүргізеді.

— Біздің кітапханалар енді жаңа форматқа көшті. Балалар бұл жерде түрлі дағдылардя меңгереді. Осы жобаны қаржыландырудың арқасында балалар енді жаңа деңгейде білім алып, ғылымға бойлай алады, — деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.

Балалардың сабағы мен эксперименттерді өңірдегі түрлі жоғары оқу орындарының еріктілері өткізеді. Балалар эко-сабақтарда табиғатты сақтау, экология және жаһандық  деңгейдегі экологиялық мәселелер туралы біледі.

— Бұл біздің алғашқы эко-жобамыз. Балалар мен жастар табиғат, экология туралы көп білгені жөн. Экологиялық тұрғыда сауатты ұрпақ тәрбиелеу — басты міндет, — дейді «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева.

Жобаның қатысушылары “ШҚО-ның Қызыл кітабының” электронды деректер базасын жасаған. Оған биолог-ғалым Борис Щербаков жетекші болған. Қазақстандағы алғашқы электронды Қызыл кітап эко-орталықтың сайтында қолжетімді.
Аталған кітапта аймақтың флорасы мен фаунасы туралы иллюстрациялық жазбалар бар.

— Біздің облыс — таңғажайып. Біздің аймақ географиялық жол айрықта тұр десек те болады. Осындай білім мекемесі ашылғаны қуантады. Бізге балаларды экологиялық қауіпсіздікке үйретуге бағытталған үлкен міндет артылды, — дейді Борис Щербаков.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив