Өскеменде Италия университетінің филиалы ашылмақ
Amanzholov University базасында Италияның Генуя университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды.
Құжат негізінде қос дипломды білім беруді дамыту, бірлескен халықаралық жобалар, гранттар санын ұлғайту және студенттер, профессор-оқытушылар құрамымен өзара алмасу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Серіктестік шеңберінде бірқатар мамандықтар бойынша елімізде алғаш рет әрі жалғыз жаңа қос дипломды бірнеше білім беру бағдарламалары әзірленбек. Дәлірек айтқанда, «Жаһандық экономика», «Туризм», «Инклюзивті білім беру» мамандықтарының студенттері жаңа білім беру бағдарламаларымен оқытылуы мүмкін.
Айта кету керек, жоғары оқу орындарының серіктестігі инклюзивті және түзету педагогикасын дамытуға бағытталып отыр. Бұл үздік еуропалық тәжірибелерді қолдана отырып Қазақстан үшін кәсіби кадрлар даярлауға бірегей мүмкіндік береді. Сондай-ақ тығыз ынтымақтастық елдердің этнопедагогикасы мәселелерінде ұлттық дәстүрлермен алмасу үшін Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени диалогты белсенді дамытуға серпін береді.
#republicdaykz #kzdayrepublic