KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 22 құрылыс мекемесі әкімшілік жауапқа тартылды

Фото: status-media.com

1.11.2023, 17:36 292

Бүгінгі таңда Өскеменде коммерциялық 38 көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр, оның 25-інде тексеріс жүргізілді.

Оның қорытындысы бойынша 22 құрылыс мекемесі әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрланұлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткенде брифингіде айтты.

— Бір топ құрылыс мекемесінің құрылыс жмысын жүргізуге берілген рұқсат құжаттары толық емес. Дәлірек айтқанда, «Grand Residence» кешені (Красин көшесі, 11В), «Astoria» кешені (Көкжал Барақ к-сі, 18а), «Оазис-4» кешені (Көкжал Барақ к., 19/2), «Renesans» (Өтепов к., 38 Б), «Шаңырақ» (Сәтпаев даңғылы, 27 Д), «Deluxe town» (Сәтпаев даңғылы), «AB-RESIDENCE» (І.Есенберлин даңғылы), «Спорт» шағын ауданы, «ASYL Tau» (Сәтбаев даңғылы, 32) кіреді, –дейді Нұржан Нұрланұлы.

«Stroi Invest Capital» ЖШС, «Бирюза Примера» ЖШС, «Royal Finance Group» ЖШС сынды 3 құрылыс мекемесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Жауапқа тарту үшін материалдарды Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жолдаған.

— Брондау шартын жасамас бұрын құрылыс жүргізетін жер учаскесіне тиісті құқықтың негізінде келесі кезеңдер бойынша жүретінін ескертеміз: құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу, эскизін (эскиз жобасы), жобалық-сметалық құжаттаманы келісу және жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс басталғаны туралы хабардар ету, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру кіреді, — дейді спикер.

Құрылысы жүріп жатқан нысандар туралы ақпаратты Өскемен қаласы К.Либкнехт көшесі, 19, 2-қабат мекенжайынан алуға болады. Кеңес алу үшін 8 -7232-40-11-27, 40-11-32 нөміріне хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу