KZ
Өскемен
-8°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
502.83 545.37 5.95

Өскеменнің әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2.11.2023, 09:00 551

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Әкіммен кездесуге келген жұртшылықтың көтерген мәселелері әр салаға байланысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ауған соғысы ардагерлері қалалық ұйымының өкілдері интернационалист жауынгерлердің қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі жөнінде бастама көтерді. Бұл мәселе алдымен заңнамалық тұрғыдан қарастырылып, қажетті қаржыландыру көлемі ескеріле отырып пысықталатын болды. Сондай-ақ, келер жылы Ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылуына 35 жыл толуына орай өткізілетін іс-шаралар кешені талқыланды.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі баспана кезегіне қатысты болды. Қала әкімінің айтуынша, бүгінде облыс орталығында 14 446 адам  баспана кезегінде тұр. Оның ішінде жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар 2155, көпбалалы отбасылар 1298, әлеуметтік осал топтағы тұрғындар саны 5198. Биыл барлығы 132 адам баспаналы болды. Бұдан бөлек, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында соңғы бес жылда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 251 пәтер берілді.

Қала әкімі айтып өткендей, 28 ықшам ауданда жеке тұрғын үй құрылысының аумағы ұлғаюда. «Бір қабатты Шығыс» жобасы аясында мұндағы үйлер бюджет есебінен салынып, халыққа сатылады. Құрылыстың үшінші кезеңіне әлеуметтік тұрғын үйлер де кіреді. Биыл баспана кезегінде тұрғандарға 11 қоспәтерлі  үйдегі 22 пәтердің кілті беріледі.

Кездесу барысында Ахмер ауылын жарықтандыру, Өскемендегі Абай даңғылы, Заслонов, Островский көшелеріндегі апатты жағдайдағы үйлердің мәселесі кезең-кезеңімен шешілетіндігі айтылды.

 

Автор: Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу