KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Өскеменнен Алматыға «Тальго» пойызы қайта қатынай ма?

Фото: railway.livejournal.com

11.12.2023, 21:33 158 Ынтымақ Толқын

Бүгінде облыс орталығынан оңтүстік астанаға дейінгі жол 26 сағаттан астам уақытты алып, жолаушылар үшін қолайсыздық туғызып отыр.

 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Марина Быкова бұл өте ұзақ уақыт екенін атап өтіп, сенаторларға жүрдек маршрутты қайтару туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келген ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев бұл рейс жолаушылар ағынының төмендігіне байланысты тиімсіз болғанын атап өтті. Оның айтуынша, тасымал жүктемесі тек 25 пайызды құраған.

 

Кездесу барысында ҚР Көлік министрі 450 миллион теңге шығынды субсидиялау немесе осы бағыт бойынша жұмыс істеп тұрған пойыздарда вагондарды ауыстыру мүмкіндігі барын атап өтті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив