KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,6 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Зайсаннан Астанаға қосымша әуе рейсі ашыла ма?

11.12.2023, 15:37 129 Ләззат Қанатқызы

Зайсандықтар Көлік министрінен Астана мен Алматыға қосымша әуе рейстерін ашуды сұрады.

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Өскеменнен Зайсанға дейінгі әуе рейсі уақытша тоқтатылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Зайсандағы ұшу-қону жолағы тек Ан-24 ұшақтарын қабылдай алады. Ондағы жолақтарды ұзартуға әзірге мүмкіндік жоқ. Жаңа жылдың бірніші тоқсанынан бастап енгізілетін жаңа ережелер бойынша, Ан-24 ұшақтары мүлде ұшпауы да мүмкін. Себебі олар тым ескі. Ал біз үшін жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші орында. Тіпті Өскеменнен Зайсанға дейінгі әуе рейсі уақытша тоқтатылуы мүмкін, себеі шағым көп, - деді Марат Қарабаев.

Министрдің айтуынша, алдағы жарты жыл ішінде аталған бағыттағы Ан-24 ұшақтарын басқа авиакомпаниялармен ауыстыру жоспарланып отыр. Ал облыстар арасындағы әуе рейстерін ашу содан кейін ғана қаралады. Яғни, Алматы, Астана бағыттары да ашылуы әбден мүмкін.

ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов алдағы жылдары өңірдегі ұшу-қону жолақтарын қайта құру көзделіп отырғанын да атап өтті.

-          Зайсаннан 18 шақырым қашықтықта ҚР Қорғаныс министрлігінің әуежайы бар. Қазір жергілікті атқарушы органдар осы әуежай бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ағымдағы жылы жер, барлық жабдықтар мен ұшу-қону жолағы жергілікті атқарушы органдардың балансына беріледі. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін келесі жылдың бюджетіне қосамыз. Қазір оның ұшу-қону жолағы шамамен 2800 метрді құрайды, - деді Бақытжан Байахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив