Өскеменде «Шығысэнерготрейд» ЖШС хабарламасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді
Фото: arnapress.kz
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті тұтынушыларды қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі - «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметтеріне шекті бағалар жобасын қарау жөніндегі қоғамдық тыңдауға шақырады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қоғамдық тыңдау 2024 жылғы 26 қаңтарда сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан облысы, Меновное ауылы, Шоссейный тұйық көшесі, 38 мекенжайы бойынша конференц-залда өтеді.
Қоғамдық тыңдауға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ тұтынушылар, тәуелсіз сарапшылар және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.
Сонымен қатар, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуына қолжетімді болу үшін қоғамдық тыңдау Facebook әлеуметтік желісі арқылы Департаменттің ресми парақшасында онлайн-режимде өткізілетін болады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100037759938851).
Бұл ретте кез-келген тұрғын онлайн-режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.
Уәкілетті органның байланыс телефоны:8 (7232) 614-122.
Айжанат Бақытқызы