ШҚО-да электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
Фото: stan.kz
ШҚО-да 1 қазаннан бастап электр энергиясының тарифі көтерілуі мүмкін.
"Шығысэнерготрейд" ЖШС-ның тарифтерді көтеру туралы өтінімін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаменті қарастырып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шекті бағалар жобасы (ҚҚС-сыз):
- тұрғындарға (тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр энергиясын пайдаланатын жеке тұлғалар) - 15,343 теңге/кВт*сағ;
- қалған тұтынушылар үшін (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар) — 30,835 теңге/кВт*сағ;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшіН-25,534 теңге/кВт*сағ;
- бюджеттік ұйымдар үшін-54,806 теңге/кВт*сағ.
Бұл ретте 4 шілдеден бастап мынадай шекті бағалар (ҚҚС-сыз)қолданылады:
- тұрғындарға (тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр энергиясын пайдаланатын жеке тұлғалар) - 13,948 теңге/кВт*сағ;
- қалған тұтынушылар үшін (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар) - 23,554 теңге/кВт*сағ;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін -21,067 теңге/кВт*сағ;
- бюджеттік ұйымдар үшін-42,158 теңге/кВт*сағ.
Айта кету керек, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінде шекті бағалар жобасы мақұлданған жағдайда ғана электр энергиясының құны көтеріледі. Қазіргі уақытта департамент тарифтің негізділігіне және оны растайтын құжаттарға сараптама жүргізіп жатыр.