Өскеменде жоғалған 2 жастағы бала аман-есен табылды
Фото: bizmedia.kz
28 тамыз күні облыс орталығындағы Солжағалау полиция бөлімінің "102" арнасына қала тұрғыны жүгініп, 2 жастағы баласының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.
Оның айтуынша, бала үйдің ауласында ойнап жүріп, жоғалып кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Хабарды ала салысымен жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері іс-қимыл жоспарын құрып, іздеуге кірісті.
– Тәртіп сақшылары тұрғын үйлердің аулаларын, ойын алаңдарын және балалар баруы мүмкін дүкендерді қарап шықты. 30 минуттық іздеу шараларынан кейін бала өз ауласының маңынан табылды. Үйінен адасып қалған болуы керек. Ең бастысы – аман-есен, – дейді жедел уәкіл Бауыржан Долдаханов.
Тәртіп сақшылары балаларды қараусыз қалдырмауды және өте мұқият болу керектігін ескертеді.
Оқи отырыңыз