ШҚО полицейлері жоғалған баланы досының үйінен тапты
Сурет: ШҚО ПД
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді бірнеше сағат ішінде іздеп тапты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Досының үйіне қонаққа барған бала туыстарына хабар берулі ұмытып кеткен көрінеді. Осыдан кейін жасөспірімнің әжесі өзінің 14 жастағы немересінің 3 күн бойы байланысқа шықпағанын айтып полицияға шағымданған,
Хабарламаны алғаннан кейін тәртіп сақшылары баланы іздеуге кіріскен. Осылайша олар бірнеше сағаттан кейін баланы досының үйінен тапқан.
Полиция қызметкерлері өз балаларыңызға мұқият қарауға және егер сіздің балаларыңыз немесе жақын туыстарыңыз жоғалып кетсе, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай дереу «102» телефоны арқылы полицияға хабарласу керектігін ескертеді.