KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2,2 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Өскеменде тағы бір доп додасы өтеді

Фото: azteca.com.ua

16.02.2024, 20:39 77 Нұржан Кенжеұлы

Келесі аптада Өскеменде тағы бір байрақты бәсекенің жалауы желбірейді.

Осыған орай облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы өскемендіктер мен қала қонақтарын тартысты доданың куәсі болуға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Дәлірек айтсақ, ақпанның 20-сы мен 25-сі аралығында облыс орталығында орналасқан Қажымұқан атындағы Жекпе-жек сарайында (мекенжайы Қаныш Сәтпаев даңғылы, 82/1) гандболдан қыздар командалары арасындағы XXXII ел чемпионатының бірінші турының ойындары өтеді. Осы ретте, жарыс Суперлига, яғни ең элиталық дивизион командалары арасында ұйымдастырылатынын айтқан жөн.

Белгілі болғандай, биылғы біріншілікке барлығы алты команда қатыспақ. Олар: Астана және Шымкент қалаларының, сондай-ақ, Алматы, Қызылорда, Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстарының құрамалары.

Денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 20 ақпан күнгі сағат 11.00-ге жоспарланған.

– Баршаңызды Жекпе-жек сарайын келіп, біздің командаға жанкүйер болып, қолдау көрсетуге шақырамыз, – делінген ведомствоның хабарландыруында.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив