KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Ақпанда қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

8.02.2024, 18:20 94 Нұржан Кенжеұлы

ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы ақпан айына жоспарланған спорттық іс-шаралар тізімін жариялады.

Бұл тізімге жетінші ақпанға дейін өткен жарыстар енбеген. Сондай-ақ аталмыш іс-шараның барлығы Шығыс Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

4-12 ақпан – биатлоннан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер чемпионаты, Риддер қаласы;

5-8 ақпан – жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан Республикасының чемпионаты (СУРДО), Өскемен, Ольга Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика манежі;

5-9 ақпан – су добынан 2009 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының үшінші туры, Өскемен, Орталық бассейн;

5-8 ақпан – мәнерлеп сырғанаудан ҚР кубогының бірінші кезеңі, Өскемен, Б.Александров атындағы Спорт сарайы;

5-9 ақпан – мәнерлеп сырғанаудан «Ақпан жұлдызы» республикалық турнирі, Өскемен, Б.Александров атындағы Спорт сарайы;

7-12 ақпан – ушу таолудан ҚР кубогы, Өскемен, Қажымұқан атындағы Жекпе-жек сарайы;

8-12 ақпан – құсбегіліктен ҚР XVII чемпионаты, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылы, ашылуы 9 ақпанда;

19-24 ақпан – көркем гимнастикадан жастар арасындағы ҚР чемпионаты, Өскемен, Денешынықтыру-сауықтыру кешені, Шәкәрім даңғылы, 1/2, ашылуы 21 ақпан, сағат 10.00-де;

19-25 ақпан – гандболдан қыздар командалары арасындағы ҚР XXXII чемпионаты, Суперлига, Өскемен, Қажымұқан атындағы Жекпе-жек сарайы, ашылуы 20 ақпан, сағат 11.00-де;

22-24 ақпан – жеңіл атлетикадан 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы жабық кешендегі ҚР чемпионаты, Өскемен, Ольга Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика манежі;

22-24 ақпан – жеңіл атлетикадан 2009-2010 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы жабық кешендегі ҚР чемпионаты, Өскемен, Ольга Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика манежі.

 


Сурет ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы сайтынан алынды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив