KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
444.14 477.05 4.85

Өскемен паркі 20 шағын автобуспен толықты

сурет редакция архивінен

8.04.2024, 20:29 74 Оразай Жеңісұлы

Өскеменнің автобус паркі 20 шағын автобуспен толықты. Қала басшылығы дәл осындай тағы он көлік алуды жоспарлап отыр, деп Altainews.kz тілшісі.

Барлық шағын автобустар OskemenBus қосымшасы арқылы бақыланады. Сондай-ақ OSKEMENCARD картасымен және QR-код арқылы төлем жасау қарастырылады.

«Ертең үш шағын автобус №250 бағытқа (Пристань-Подгорное), тағы біреуі № 224 бағытқа (Ривьера ТК-Өскемен вокзалы) шығады. Ағымдағы аптаның соңына дейін №228 (Облыстық тубдиспансер-Рассвет фабрикасы) бағыт іске қосылады», - деп мәлімдеді қала әкімі Жақсылық Омар.

Қызмет көрсету және дайындық жұмыстары құқығына байқау өткізілгеннен кейін мына бағыттарда қозғалыс қайта жанданады:

№ 229, Тальниковая-Геологическая;

№255, 28-ші шағын аудан-Ана мен бала орталығы;

№261, Технодом-Жастар көшесі;

№256, Өзен вокзалы-Нұрлы көш.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив