Өскеменде АХАТ бөлімінің мекенжайы өзгереді
14 мамырдан бастап облыс орталығының жас жұбайлары некені Белинский көшесі, 37а (2-қабат) мекенжайы бойынша тіркей алады.
Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі дүйсенбі мен жұма аралығыда сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Естеріңізге сала кетейік, некені тіркеу үшін жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі шарт. Сондай-ақ өтінім берген кезде салтанатты жағдайда үйленгісі келетінін немесе үйленбейтінін таңдай алады.
Бұған дейін Өскемендегі АХАТ қызметтері Сәтбаев даңғылы, 88/2 мекенжайындағы Неке сарайында көрсетілген болатын.