24.04.24: Бүгін Өскеменде 70-ке жуық жұп неке қидырған
Бүгін, 24 сәуір күні облыс орталығында 67 жұп отау құрған. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Жас жұбайлар үшін неке қиятын күн өте маңызды. Сондықтан көпшілігі әдемі әрі сәтті күнді таңдайды. Биыл әр айдың 24-ші күні сәтті, әдемі күн болып саналады, - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның АХАТ басқармасының басшысы Әлия Кырықпаева.
Естеріңізге сала кетейік, неке қию үшін жас жұбайлар жеке басын куәландыратын құжаттармен тіркеуші органға келуі керек. Өтінім берген кезде салтанатты жағдайда өткізуін немесе өткізбеуін өздері таңдай алады.
Оқи отырыңыз
22.02.2022: қанша қазақстандық ерекше датада неке қиюға өтініш білдірдіӨскеменде Мемлекеттік корпорация жас жұбайлар мен ата-аналарды құттықтады1 шілдеден бастап АХАТ функциялары мемкорпорацияға өтедіАХАТ функциялары 1 шілдеден бастап мемкорпорацияға өтедіНеке қию АХАТ бөлімшелерінде жүзеге асырыла береді