Өскеменде «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» экоакциясы өтті
Бүгін Өскеменнің Кемежай шағын ауданында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға алпысқа жуық ерікті қатысты, көбі – университеттер мен колледждердің студенттері, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қатысушыларға қолғап, қапшық және өзге де құрал-жабдықтар таратылды.
Іс-шара «Қоғамның экологиялық даму орталығы» бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Қазақстан қайта өңдеушілер қауымдастығының» басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіровтің қолдауымен жүзеге асты.
Бірнеше сағаттың ішінде қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Жақып Малдыбаев ескерткішінің айналасы, жол жиегі, сондай-ақ сол маңайда ағып жатқан шағын бұлақ түрлі қоқыстан тазартылды.
Шұғыла Манафья