Өскеменде көмір сатыла бастады
Фото: Altainews.kz
Өскеменде қатты отын сатыла бастады. Қала әкімдігі тұрғындарды ерте қамдануға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Айта кету керек, облыс орталығынан көмірді тек шаhар тұрғындары ғана емес, Глубокое, Ұлан, Самар және т.б. аудандар да алады. Қала басшылығы мен коммуналдық мамандар күз келіп, күн суытқанда кезек көбейіп, дүрбелең басталмас үшін қатты отынды қазірден бастап сатып алуға шақырып отыр.
Қаладағы тұйық алаңдардың бірінің директоры биыл қатты отынға сұраныс артқанын айтады. Сондықтан алдағы уақытта халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көмір жеткізу көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.